Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды облыстық тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ ұстаздарының ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы екінші қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сын-пікірі
Бүгін, екінші қыркүйекте, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бірінші жолдауында халықтың көкейінде жүрген әлеуметтік, саяси, экономикалық мәселелердің шешілуіне септігін тигізетін жоспарларын айтты. Бұл жолдау біздің мектеп мұғалімдері мен оқушыларының мүдделерін де қамтыды. Жалпы мемлекеттік мәселелердің шешілу бағыты бойынша Президент елбасы бастаған ұзақ мерзімді реформалардың шешімінің жалғасы ретінде нақты, қысқа мерзімдік жоспарларын ұсынды. Сондықтан да істің басы ретінде қоғамды тұрақты дамыту мақсатында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің міндеті үлкен жауапкершілікті талап ететініне баса назар аударды. Оның себебі ретінде халық арыздарының жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан өтіп кетіп, республикалық деңгейге жетіп жатуы — халықтың мұқтажын тыңдамау нәтижесі екені айдан анық. Сондықтан да әр бір арыз үлкен мәселенің дабылы ретінде қабылданып, түпкілікті мәселені анықтап, мәселені жүйелі түрде шешуге нақты шешімдер қабылдап отыру қажет екенін көрсетті.
Демократиялық үрдісті дамыту мақсатында шерулерді ұйымдастыру тәртібін нақтылау арқылы халықтың көкейіндегі мәселелерді тыңдау мемлекетіміздегі қоғамдық келісімді күшейту құралына айналдыратынына назар аударды.
Қоғамдық келісімді нығайтуда Президент тіл мәселесі ұстанымында қазақ халқының ұлт құраушы рөліне баса назар аударып, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту жоспарында салиқалы пікірін айтты.
Заң мәселесінде есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеді. Бұл шешімді қоғамдағы көптен бері қозғалып жүрген мәселе ретінде жеке тұлғаның құқығын қорғауға бағытталған батыл қадам ретінде бағалаймыз.
Әл Фарабидің 1150, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығын тойлау мемлекетіміздің мәдени-рухани жетістіктерін ғана көрсетпейді, ол елімізге туризмді дамытуға жағдай жасайтын шараларды іске асырып, мұғалімдер қауымының пікірінше, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге септігін тигізетін елеулі оқиға деп есептейді.
Президент елдің дамуына қажет білім сапасын арттыруға жағдай жасау, оқулық сапасын көтеру, жоғарғы оқу орындарындағы мәселелердің келеңсіз жақтарын көрсете отырып, шешу жолдарын көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайын жасау туралы ойлары біздің Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернаты ұстаздары үшін ерекше құптарлық тақырып ретінде көңілімізден шықты. Мектеп оқушыларын жолақысы мен тамақтандырудың мемлекет тарапынан тегін ұйымдастырылуы әлеуметтік мәселелердің ішіндегі оқушыларға жасалған қамқорлығы ретінде бағалаймыз.
Бұл жолдау ұзақ мерзімдік жоспарлардың бағытының жалғасы ретінде қысқа мерзімдік нақты шешімдерімен ерекшеленді.
Жиналып қалған халықтың әлеуметтік мәселелеріндегі көкейкесті сұрақтары мен көңіл-күйлерін нақты басып тауып, шешу жолдарын көрсететін, диалогқа шақыратын қоғам құруды жоспарлаған мемлекет басшысының ұстаған бағыты ретінде қабылдаймыз.
02.02.2019 ж.
Пікір жазушылар: К.Р. Кутымбеков
И.Н. Аменова
Л.М. Пак
Г.Р. Калиева