Денсаулық күні
Қарағанды облысы білім басқармасының «№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ үшін ата-аналармен, педагогтермен, өзінің көптеген достарымен және әлеуметтік серіктестерімен Денсаулық күнін өткізу жақсы дәстүрге айналды. Биылғы жылы «Денсаулық» күнін атап өту «Отбасы» күніне және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналды. Мереке ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды және олардың ата-аналарын дене шынықтырумен, спортпен тұрақты шұғылдануға шақыру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасы, қоғам және мемлекет дәстүрлеріне тарту мақсатында өткізілді. ТҚАЗ мектеп-интернатында Денсаулық күні — сүйікті мереке. Бұл — мұғалімдермен, ата-аналармен бір командада бәсекеге түсе алатын, көңілді де қызықты спорт мерекесі, денсаулық мерекесі, жастар мерекесі, әрі үміт пен достық мерекесі! Мерекенің ашылуына орай Жеңіс саябағында флешмоб, «Медициналық», «Сауықтыру», «Қазақтың ұлттық ойындары», «Көкпар», «Шығармашылық», «Психологиялық», «Футбол», «Музыкалық» станциялар бойынша саяхаттар ұйымдастырылды. Мереке барысында барлық жерде әзіл-күлкі, мақал-мәтелдер естілді. Олимпиадалық ұран «Істе — тезірек! Жоғарырақ! Күштірек!». Неге болса да немқұрайлы, бей-жай қарамайтын адамдар, мектепті қолдайтын біздің әлеуметтік серіктестеріміз біздің тұрақты қонақтарымыз бен біздің тәрбиеленушілерімізді жеңіске шабыттандыратын ынталандырушы көмекшілерімізге айналды. Біз спортшылардың жоғары техникалық шеберлік пен кәсіби көрсетілімдерін ұйымдастырғаны үшін «Кекушинкай каратэ» Бүкілқазақстандық ұйымының РҚБ командасының жаттықтырушысы Диас Серікұлы Әшімовке алғысымызды білдіреміз. Біздің тәрбиеленушілерге қолдау көрсетіп, бүгінгі өткен мерекеге қатысқаны үшін және балаларға достық қарым-қатынас танытып, көмек көрсеткені үшін мектеп-интернаттың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Art vision» дизайн студиясы мен дизайн мектебінің басшысы Нұрғаным Жексенбекқызы Бугутаеваға да шексіз алғыс білдіргіміз келеді. Міне, біздің көңілді, спорттық сайысымыз да өз мәресіне жетті, қорытынды жасалды, жеңімпаздар марапатталды! Үздіктерге – марапат! Денсаулық — бәріне!



