Послание Президента Республики Казахстан от 01.09.2022 года
01 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына №2 арнайы мектеп-интернаты мұғалімдер ұжымының пікірі
01 қыркүйектегі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті жолдауын арнады. Елбасы өз жолдауын еліміздің жаңа кезеңге қадам басқанын, халқымыз жалпы ұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдағанын тілге тиек етуден бастады.
«Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Конституциялық реформа әділетті республика құруды таңдады. Саяси жаңғыру эконимкалық өзгерістерге ұласуы тиіс. Біз – азамат, бизнес және мемлекет арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет ең алдымен бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам деңгейіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік әлсіз топтардағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіледі», — деп негізгі бастамаларын атап өтті.
Мемлекеттік интитуционалды реформаларының жолдаудағы басты назар аударатын тақырыбы — сот реформасы. Президент сот тәуелсіздігін іске асыру үшін қазылар институтын жылдамдатып енгізуді, кадрларды дайындау, тағайындау үшін Жоғарғы сот кеңесінің құзыреттілігін арттырып, осы мекемеге жүктеуге тапсырды. Соттардың статусы біркелкі болуы үшін сот мәртебесінің бірдей болғаны дұрыс, Жоғарғы соттарды аға соттарды осы кеңесте сайлау арқылы шешу керек деп есептейді. Бұл қадам биліктің үшінші тармағының басқа демократиялы елдердегідей тәуелсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Әлеуметтік мәселе бойынша Президент әйелдердің зейнетке шығуының шекті жасы 61 болуы керек және зейнетақы қорын басқару, көбейту мәселесіне беделді жеке компанияларды тарту қажеттігін баса айтты. Бұл қадам қоғамдағы шешуін күтіп тұрған ірі мәселе болғандықтан халықтың ойынан шықты.
«Самұрық-Қазына» холдингінің жылдық табысынан халықтың әл-ауқатын көтеру қорына 7% аударып отыру жүктеледі. Осы қордан әрбір баланың он сегіз жасқа дейінгі жинақ қорын құруды тапсырды. Бұл бастама — Қазақстанда қолға алынып отырған өзекті де қажет әлеуметтік жаңа бағыт.
Еліміздегі жаңадан қалыптасқан қатерлі індет синтетикалық наркотиктің таралуын болдырмау бүкіл халықтық іс болуы керектігін көрсетті. Бұл істе құқық қорғау органдарымен әр азамат азаматтық позициясы арқылы күрес жүргізуі тиіс үлкен халықтық мәселе екені даусыз.
Президент қаңтар оқиғасына байланысты көптеген азаматтарға амнистия жариялады, тек «Бұл амнистия қоғамның азаматтардың қауіпсіздігі мен өміріне зиян келтірмеген азаматтарға ғана таралады», — деді. Қаңтар трагедиясы біздің елде қайталанбайды және оған жол бермейміз, осы қаңтар оқиғасында зардап шеккен жанұяларға әлеуметтік жәрдем көрсетіледі. Осы іс- әрекеті арқылы өте күрделі мемлекеттің ішкі саяси дағдарысының қасіретін жеңілдету үшін Президент әділ шешім қабылдады деп есептейміз.
Жолдаудың соңғы елең еткізер хабары биылғы жылы Президент өзінің өкілеттігін тоқтатып, жаңа президент сайлауын өткізіп, жаңа Қазақстан құруға үлкен реформалық қадам жасағанын көрсетті. Ол өзінің сайлауға қатысуға дайын екендігін айтты. Реформаның ерекше тұсы президент өкілеттігі мерзімін бір рет қана жеті жылға созуға ұсыныс айтты. Бұл қадам мемлекетімізде биліктің бір адамның қолына шоғырланбауына және де осы уақыт ішінде Президент бағдарламасының орындалуына жеткілікті мерзім екенін айтты. «Келесі жылы мәжіліс және маслихат сайлауы арқылы жаңа саяси партияларды билікке келтіру керек», — деді. Бұл қадам реформалардың түбегейлі саяси жүйенің өзгеруінсіз жасалынбайтындығын көрсетеді. Жаңа Қазақстанды ескі жүйемен құру мүмкін емес, бұл — біздің Президентімізден күткен басты саяси реформасының басы деп есептейміз.
Біздің мектептің ұжымы Қазақстан халқымен бірге Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдаудағы саяси реформаларының бастамасын қолдаймыз, үлкен үміт күтеміз.
2022 жыл 01 қыркүйек
Тарих пәнінің мұғалімі Қ.Р. Кутымбеков
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері И.Н.Аменова, Г.Р. Калиева