Магруп Мадина

 

 Қарағанды облысы білім басқармасының

«№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ

психологы.

Білімі:

Жоғары

Е.А.Бөкетов атындағы.  Қарағанды мемлекеттік университеті 

Мамандығы: Психолог

Д.А. Қонаев атындағы университет

Мамандығы: Заңгер

 Мақсаты: Балалардың қоғамда сәтті бейімделуіне, оңалтуына және жеке өсуіне ықпал ететін психологиялық жағдайлардың кешенді жүйесін құру.

Міндеттері:

  1. ЕБҚ бар балалардың физикалық және психикалық дамуындағы кемшіліктерге байланысты ерекше білім беру қажеттіліктерін уақтылы анықтауды жүзеге асыру;
  2. Әр баланың жеке ерекшеліктеріне сәйкес білім алушылардың қарастырылып отырған санаты үшін білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау;
  3. Балалардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ЕБҚ бар балаларға жеке бағдарланған психологиялық-медициналық-педагогикалық көмекті жүзеге асыру (психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның ұсынымдарына сәйкес);
  4. ЕБҚ бар балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) басқа да мәселелер бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
  5. ЕБҚ бар балалардың жалпы білім беру бағдарламасын игеруіне және оларды білім беру мекемесіне біріктіруге мүмкіндік жасау.

Түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу мақсатында білім алушылардың түзету топтары қалыптастырылып, келесі бағдарламалар әзірленіп жүргізіледі:

  • «Зейін мен еріктілікті түзету»;
  • «Сенімді жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру»;
  • «Эмоционалды-ерікті өрісті түзету және дамыту»;
  • «Жүріс-тұрысты түзету»;
  • «Эмоционалды өрісті түзету».

Алдын алу және ағарту жұмысы бойынша түрлі тренингтер, дөңгелек үстелдер, психологиялық ойындар, семинарлар, жиналыстар өткізіледі.

Білім беру процесінің барлық қатысушыларымен жеке кеңес беру жұмысы жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *