2017-2018 оқу жылының 1-жартыжылдығындағы Қамқорлық Кеңесі қызметінің есебі туралы
Қамқорлық Кеңесінің басты міндеті – бұл әрбір тараптың өзара мүдделеріне қолдау мен түсіністік танытып, жұмыс істеуге келісуі: мектеп-интернаттың және ата-аналар қауымдастығының тәрбиеленушілердің мүдделерінің игілігі үшін.
Қамқорлық Кеңесі мен мектеп-интернат әкімшілігі жұмыс барысында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыра алды, бұл сөзсіз қолайлы негіздегі бірлескен қызмет болып табылады.
2017-2018 оқу жылында Қамқорлық Кеңесі мектеп-интернат өміріне белсенді ат салысты. «Мектепке жол» акциясын өткізу барысында Қамқорлық Кеңесінің мүшелері тарапынан көмек көрсетілді. Олардың қолдауымен әлеуметтік санаттағы оқушылар үшін кеңсе керек-жарақтары сатып алынды. Қамқорлық Кеңесінің мүшелері тікелей ұйымдастыруға және оқушыларды ыстық тамақпен қамтудың сапасын бақылауға қатысады. Бракераждық комиссия мүшелері болып табылады.
Сондай-ақ, қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлуге қатысқан:
– «АЅА» Дипломатиялық клубы комитетінің қайырымдылық жөніндегі Астанадағы Елшілердің жұбайлары (777 400 мың теңге) – акт залы үшін музыкалық жабдықтар сатып алу. Сапалы музыкалық жабдықтардың болуы мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің жалпы мектептік мерекелерге шығуына, облыстық және республикалық сайыстарға, халықаралық фестивальдарға қатысуына мүмкіндік береді.
– Корпоративтік «Samruk-Kazyna Trust» қоры (6,973 200 мың теңге) – сенсорлық бөлме үшін қосымша жабдыққа.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тәрбиеленушілер үшін тәтті сыйлықтардан басқа жұмсақ ойыншықтар мен сувенирлер тапсыруды ұйымдастыру ұсынылды.
Мектепте мерекелер мен іс-шаралар дайындау және өткізу: «Алғашқы қоңырау», «Жаңа жыл», «Соңғы қоңырау», айлық кезеңінде жоғары сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мәселесі бойынша болашақ мамандық таңдау дөңгелек үстелдер, Қамқорлық Кеңесі мүшелерінің көмегімен және тікелей қатысуымен өткізіледі.