ДЖУЗЕНОВА АДИЯ ТАНАТКАНОВНА
Джузенова Адия Танаткановна
Қарағанды облысы білім басқармасының
«№ 2 арнайы мектеп-интернаты» КММ
Санаты : педагог
Білімі: жоғары
Орта-кәсіби білім : 2017-2021 Қостанай педагогикалық колледжі
Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру мұғалімі»
Жоғарғы білім: 2021-2024 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универститеті.
Мамандығы:6В01902 «Арнайы педагогика: Логопедия »
Мамандық бойынша өтілі: 1 жыл
Логопедиялық сүйемелдеудің мақсаты – білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету, сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Логопедиялық жұмыстың міндеттері:
- Білім алушылардың тыныс алу, дауыс шығару және артикуляцилық моторикасын қалпына келтіру;
- Сөйлеу тілінің интонациялық, ырғақты-мелодиялық айтылуын дамыту;
- Дұрыс дұбыс айтуды қалыптастыру ( дайындық , дыбыс айту кезеңі, машықтандыру және ажырату кезеңі)
- Фонематикалық есту және қабылдау дағдыларын дамыту;
- Экспрессивті сөйлеу тілін, лексикалық-грамматикалық дағдыларын қалыпқа келтіру;
- Байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру;
- Жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту және жетілдіру.
- Жалпы және ұсақ моториканы, танымдық қабілеттерін дамыту.
Бұл мәселелерді шешу үшін келесі формалар мен әдістер қолданылды:
Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттары:
- Тыныс алу және просодика;
- Артикуляциялық моторика;
- Дыбыстық айтылу және сөздің буындық құрамы;
- Фонематикалық есту;
- Сөйлеу тілінің лексика-грамматикалық құрылымы;
- Сөздік қор;
- Байланыстырып сөйлеу;
- Оқылым және жазылым дағдылары.
Логопедиялық сабақ – сөйлеу тілін дамытуға, дыбыстарды дұрыс айтуға және сөйлеу бұзылыстарын түзетуге бағытталған арнайы оқыту әдістері. Бүгінде бұл сабақтар жаңа технологиялардың көмегімен қызықты әрі тиімді өтуде. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын оятуға және ынтасын арттыруға арналған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен технологиялар қолданылады.
Артикуляциялық моторикасын және тыныс алу қабілетін қалыптастыру үшін : түтікшелер, дидактикалық карточкалар ,ойыншықтар, сабынды көпіршіктер, мақта, сонымен қатар жапырақтар, қар сияқты табиғи материалдар қолданылады.
Логопедиялық сабақ барысында компьютерлік технологиялар, дидактикалық ойындар, жаңа педагогикалық технологиялар қолданылады. Оқушылардың қызығушылығын ояту, ынтасын арттыру және берілген ақпараттардың есте сақталуы үшін логопедиялық жұмыста Дельфа -142 бағдарламасы қолданылады.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу негізінде мектеп мамандарымен арнайы педагогтар, дефетологтар, мектеп психологы және логопедтерімен әдістемелік ұйым жиналыстары, мектепшілік ПМПК отырыстары өткізіледі.
Ата-аналарды балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарына белсенді қатыстыру, сөйлеу тілі бұзылыстарының ерекшеліктерін түсінуге, оларды түзету мақсатымен ата-аналармен жұмыс жүргізіледі. Шеберлік сағаттары, ашық сабақтар, мектепшілік іс-шаралар сияқты бірлескен жұмыстардың әртүрлі формалары арқылы ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатуға және туыңдаған мәселелерді шешуде өзара көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Comments are Closed