Bilimal – ақпараттық-білім беру порталы.
«Билимал» дегеніміз не?
«Билимал» – бұл мұғалімдер мен ата-аналарға арналған кешенді шешім.
Отандық өнім болып табылатын бұл тегін электронды күнделік жүйесі оқушылардың үлгерімін жедел бақылауға және ата-аналарды оқу бағдарламасындағы өзгерістер туралы уақытылы хабардар етуге мүмкіндік береді.
Ата-аналар bilimal.kz сайтына кіріп, келесі мүмкіндіктерге ие бола алады:
-
Баланың үлгерімін бақылау мүмкіндігі.
Электронды күнделікке тіркелгеннен кейін апталық бағалар автоматты түрде сіздің электронды поштаңызға жіберіледі. Қосымша оқушының жалпы үлгерім динамикасын көрсетіп, тоқсандық бағаларды есептейді. Ата-аналар мұғалімдер тіркеген тапсырмалар мен файлдарды да қарай алады. -
Оқушының оқу процесін мониторингтеу.
«Bilimal» жүйесіне Білім сапасын арттыру бағдарламасы (БСАБ) енгізілген.
Жүйе үлгерімі төмен оқушылардың тізімін ата-аналарға, мұғалімдерге және мектеп әкімшілігіне автоматты түрде жібереді. Сондай-ақ, оқушы қайта тапсыруы қажет тақырыптарды көрсетеді. -
Қашықтан оқыту.
Сабақтың тапсырмасын іздеп, мұғаліммен хабарласуға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ.
«Билимал» жүйесінде ата-аналар баласымен бірге бейнематериалдарды, презентацияларды қарап, тест тапсыра алады. -
Онлайн-жиналыстар.
Уақыты тығыз ата-аналар үшін таптырмас мүмкіндік.
«Билимал» жүйесінде ата-аналар мен мұғалімдерге арналған қауымдастық (чат) құрып, мектеп жаңалықтары мен хабарламаларды жедел ала алады.