Оқу жұмысы

Мектепте қолданылатын негізгі бақылау түрлері:

  • Өзіндік бақылау – бастамашысы мен ұйымдастырушысы – педагог, өзінің қызметіне қатысты;

  • Өзара бақылау – тең дәрежедегі оқытушылардың өзара үйретуі;

  • Әкімшілік бақылау (жоспарлы және жоспардан тыс) – бастамашысы мен ұйымдастырушысы – мектеп әкімшілігі;

  • Ұжымдық бақылау;

  • Сыртқы бақылау.


Бақылау әдістері:

  • Сабақтарға, сыныптан тыс іс-шараларға қатысып, кейіннен талдау жүргізу;

  • Сынып журналдарын, оқушылар күнделіктерін, сабақ жоспарларын, жеке істерін, техника қауіпсіздігі журналдарын тексеру;

  • Арнайы дайындалған бағдарлама бойынша әңгіме және сұхбат жүргізу;

  • Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру (бақылау жұмыстары, тестілеу, сауалнама және т.б.).


Мектепішілік бақылау нысандары:

  • Оқу және тәрбие үдерісі;

  • Әдістемелік жұмыс, тәжірибелік және инновациялық қызмет;

  • Оқушылар мен мұғалімдердің психологиялық жағдайы;

  • Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қажетті жағдайлардың қамтамасыз етілуі (еңбек қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі).


Мектепішілік бақылау технологиясы:

  • Педагог өз жоспарын мектептегі әдістемелік бірлестік жетекшісімен келіседі;

  • ӘБ жетекшісі мұғалімдердің жеке жоспарларын жүйелейді;

  • Оқу ісі жөніндегі меңгеруші ӘБ жетекшісімен бірігіп, әдістемелік бірлестік деңгейінде бақылау жоспарын жасайды;

  • Әкімшілік ӘБ жоспарын талдап, инспекторлық, әкімшілік және жеке бақылау жоспарын анықтайды және педагогтарды таныстырады.


Мектепішілік бақылауға бақылау жүргізу:

Бұл бақылау түрі оқу орны директорының құзырында. Ол оқу орнының жалпы және жекелеген педагогикалық үдеріс қатысушыларының қызметін бағалауға, тиімділігін анықтауға бағытталған.

Мектепішілік бақылау тұжырымдамасын ғылыми тұрғыда сүйемелдеу мектеп басқаруын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл мектептің әрбір ішкі жүйесінің өзгерістерге сезімтал болуын қамтамасыз етеді. Өзгерістерге әрекет ету жоспарлау, ұйымдастыру және басқару арқылы жүзеге асады.

Оқу-тәрбие процесіндегі мектепішілік бақылау арнайы әзірленген ереже негізінде жүргізіледі. Тексеру нәтижелері бойынша талдамалық анықтамалар жасалып, орындалған жұмыстардың қорытындысы мен ұсыныстар беріледі.


Қосымша жұмыс және үлгерімі төмен оқушылар мен үйде оқитын балаларға қолдау көрсету:

Үлгерімі төмен оқушыларға жеке кеңестер мен қосымша сабақтар ұйымдастырылады, психологиялық қолдау көрсетіледі, ата-аналармен кеңес өткізіледі. Үлгерімі төмен және үйде оқитын оқушылардың мәселелері педагогикалық кеңестер мен директор жанындағы отырыстарда қаралады.

Оқыту және тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 26 қарашадағы №974 бұйрығымен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген “Мүгедек балаларды үйде оқытуға ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы” ережеге сәйкес жүргізіледі (ҚР Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 желтоқсанда №3303 тіркелген).