Хамитова Толқын Жақсылықовна – мұғалім- дефектолог

Хамитова Толқын Жақсылықовна педагог-зертеуші.

Білімі: Жоғары, Қарағанды педагогикалық институты

Мамандығы: Педагогика және психология (мектепке дейінгі)     1993ж;                  

Қазақстан-Ресей Университеті.

Мамандығы: дефектология,олигофренопедагог ,2005ж.

Педагогикалық өтілі- 31 жыл

Мамандық бойынша өтілі -18жыл

 Кең мағынада алғанда дамуында ауытқушылығы бар балаларды әлеуметтендіру, тәрбиелеу, оқыту, үйрету  маманы. Тар мағынада-түзетуші педагог. Дефектолог мамандығы педагогика және медицинамен бірлікте қызмет атқарады.  Оның жұмысының мақсаты-аталған балаларды мүмкіндігінше дамыту, әлеуметтік, оқу, тұрмыс, кәсіби және басқа салаларға бейімдеу. Қоғам дамуының әр кезеңінде дамуында кемшілігі бар балалардың боғандығын деректер дәлелдейді. Әр түрлі тұқымқуалаушылық, экологиялық, физикалық, материалдық, әлеуметтік жағдайларға байланысты  дамуында кемшілігі бар балалар барлық заманда да өмірге келген. Олар да адамазаттың бір мүшесі. Олардың арасынан небір ойшыл, ғылымға өзіндік үлесін қосқан адамдардың болғаны  да белгілі.

Педагог-дефектологтың кәсіби әрекеті дәстүрлі ұстаздың әрекетінің белгіленген шеңберінен әлдеқайда кең болып келеді өйткені әлеуметтік-педагогикалық, оңалту, консультативтік-диагностикалық, психотерапиялық жеке коррекцияның көптеген түрлерімен бағытталған, яғни мүмкіндігі шектеулі тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне және арнайы білім алуына ықпал ету.

Әрбір оқушының дамуын толық зерттеп, оқуға қабілетін анықтайды.
Оқушының негізгі белсенділігін, психикалық барысын арттырады. Соның ішінде оқушының зейінін, есін, қабылдауын және ойын дамытады.
Оқушылардың коммуникативтік қызметін дамытады.
Мектепалды кезеңі — ойын қызметі, оқушылар мұңымен дефектологиялық көмек алып, оқу тәрбие процесінің барлық саласындағы мамандар жұмысын қамтиды. Дефектологтың жұмыс мазмұны тұтас шаралар кешенін құрайды: оқушылармен сабақ өткізеді, динамикалық дамуын бақылап, ата — аналар мен мектеп әкімшілігіне ұсыныс береді.

Қыркүйек айында жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша мектепшілік консилиум шешімі негізінде, оқушылар дефектологтың сабағын алуға ұсынылады. Соңғы диагностика мамыр айында өткізіледі.
Әрбір қабылданған оқушыға дефектологиялық ұсыныс жазылады.
Зерттеу қорытындысы бойынша оқушыға түзете — дамыту бағдарламасы жасалады. Соның ішінде оқушының негізгі әрекеті қай деңгейде екені көрсетіледі.


Топтарға бұзылысының құрылымы бірдей оқушылар алынады. Түзету сабақтары сабақтан тыс кезінде өткізіледі.
Барлық бағытын жоспарлауға байланысты: диагностикалық, түзете — дамытушылық, ағартушылық — кеңес беру және құжаттарды тиянақты жасақтап, ретімен жүргізілу міндеттеледі. Түзету – дамытушылық жұмыстың мақсаты ізбасарлық дамыту мен қол қимылдарының түзетуі, қолдың ұсақ моторикасының қалыптасуы, уақытымен тілдің дамуын қамытып, баланың әлеуметте жеке тұлғалық бейімделуі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *